Bugin
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде балабақшада бірнеше бала бүлдіршінді жабылып ұрып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға болған кезде тәрбиеші түскі ас алып келуге шығып кеткен.
"Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?", - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше бұл жағдай "51 Бөбекжай-бақша" балабақшасында болған. Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.
"Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды", - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.
Оқиғаның толық видеосын осы сілтеме арқылы көре аласыздар.