Bugin

"Өгей әкесі алаңдаулы": Ақтауда үш апта бұрын жоғалған жасөспірім табылмай жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:  Lada.kz

Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім 22 күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Үш апта бұрын жоғалған Анастасия Пенскаяның жақындары мен туыстары қатты алаңдаулы.

"Біз сені үйде күтіп отырмыз. Бәріміз күтіп жүрміз. Әкесінің орнын басқан  өгей әкесі, ағасы да, әпкесі де қатты алаңдаулы. Біз қатты уайымдап отырмыз. Қандай жағдай болса да сені қиындықта қалдырмайтынымызды білсін", - деді қыздың анасы.

Жасөспірім 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында жоғалған. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шыққан.

Сол күні Анастасия Пенская қара күрте, қара леггинстер және қара және ақ спорттық аяқ киім киген. 

Белгілері: қолаң қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

Қызды көрген болсаңыздар мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102.