Bugin

"Жүктісің": дәрігердің жала жапқанынан зардап шеккен студент қыздың оқиғасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға көмегіне жүгінушілер жиі хат жолдайды. Сондай хаттардың бірінде қыз бала дәрігерлер тарапынан жала жабылып, қысым көргенін айтады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі заңгерге сілтеме жасап хабарлайды.

Хат иесі өзін 1-курста емтихан алдында гинекологтың міндетті тексерісінде болғанын айтады:

"Бірінші курс оқитын кезде сессия алдында тексерістен өткізетін. Ойымда ешнәрсе жоқ, 18 жасқа енді толғанмын. Тексерілуге бардым, ішімді басып көрді (негізі тұқымымызда іш бар болатын). "Чё-та не то",-деді. Басқа дәрігер шақырып алып келді. Ол да "не то" деді. Мен: "Өзімнің ішім бар, қарным",-деп айтып жатырмын. Ол қарын анамда да, әпкелерімде де, нағашы әжемде де болған. Олар: "Жоқ, сен екіқабатсың",-деп шықты. "Жоқ, мен екіқабат емеспін, креслоға шығарып көріңіз, мен қызбын",-дедім. Креслоға шығармады. "Екіқабат болмасаң, онда маткаңда дәу киста бар",-деді. "Ертең таңертең келесің, УЗИ-ге міндетті түрде кел. Кистаң дәу",-деді. "Мақұл",-деп кеттім. Анам алыста, мен Алматыда. Сол кистаң дәу дегенді анам екеуміз екі жақтан уайымдадық. Ұйықтамағаннан анамның қан қысымы 200, менікі 160 болып көтеріліп кетті. Анам: "Қызым, операция десе, қорықпа. Бәрі жақсы болады",-деп жұбатып қояды",-дейді кейіпкер.

Гинеколог қызға жүктісің деп жала жауып, қысым көрсетеді. УЗИ жасаған сәтте оның жүкті емесі анықталады. Хат иесі өзінің сол кезде қатты қиналғанын айтып шағымданған. Дәрігер еш жерге арыз жазбауын, балалары бар екенін айтып ақталған. Жәбірленуші жаны ашып, оның дегеніне көнген. Қазірхат иесі отбасылы, балалары бар.