Bugin

“Орыс тілін білмедім”: егіз босанған әйелдің балаларын алып қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

"Бармысың, бауырым?" бағдарламасына егде жастағы әйел хабарласып, егіз баласын іздейтінін айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бахитгүл Салдатхан есімді әйел өзінің егіз баласынан айырылып қалған. Ол 2004 жылдың мамыр айында босанған. Сот шешімімен Бахитгүл ата-ана құқығынан айырылыған. 

"Мен Мади мен Мадинамды іздеп келіп отырмын. 20 жыл өтсе де, мен оларды іздеймін. Мен орысша білмегендіктен балаларымнан айырылып отырмын. Маған балалаларымды тауып беріңіздерші",- дейді ана. 
 

Бахитгүл Салдатхан ішкін жан сырын айтып, жылап қалды.

"Менен не үшін алды балаларымды. Ішім от болып жанып жатыр. Неге сүйеніп мені аналық құқықтан айырды? Мен оларға қарамай, көшеде жатсам, неге мені полиция алып кетпеді? Аналық құқық менде жоқ болса, қазір қасымдағы Абылайды неге алмайды? Аш болсам аш болған, тоқ болсам тоқ болып жүрген ол баланы неге алмады?",- дейді Бахитгүл Салдатхан.