Bugin
Фото: Астана арнасы
Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына. сілтеме жасап.
Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды. Былтыр желтоқсан айында екі жастағы баласы ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады.
"Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері негізінде қорытынды жасаған. Дәрігерлердің жазғанына жүгініп отыр",- дейді бүлдіршіннің анасы.