Bugin

Көпқабатты үйден өрт шығып, 15 адам қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен кемінде 15 адам қаза тауып, 44-і жараланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мэр Чен Чжичанның айтуынша, зардап шеккендерді тасымалдау үшін 32 жедел жәрдем жұмылдырылған. Ауруханаға жатқызылған адамдарды емдеу бағдарламасын әзірлеу үшін күйік, тыныс алу жолдары аурулары және психология салаларындағы мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылған.

"Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 44 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр. Ал тағы бір науқастың жағдайы қиын, 42 адам жеңіл жарақат алды", - дейді жергілікті басылымдар.