Bugin

“2019, 2020, 2021, 2022”: Қарағандыда төрт бала мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz 

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өрттің салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

"Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды", - облыстық төтенше жағдайлар департаменті.