МӘДЕНИЕТ

Қазақтың Қыз Жібегі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек

Бүгін – "Қыз Жібек" рөлін сомдаған актриса, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешованың туған күні. Bugin.kz тілшісі талантты өнер адамы туралы ақпараттарды ұсынады. 

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген.

Ол – актер Құман Тастанбековтің жары, 3 перзенттің анасы.

1969-1973 жылдары қазақ мемлекеттік Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетін, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкееваның класы бойынша бітірді.

Бұдан кейін Мұхтар Әуезов театрының актерлік құрамында  еңбек етті. Театрдағы алғашқы рөлі Шыңғыс Айтматовтың "Құс жолы" повесі бойынша сахналанған "Ана-Жер-ана" спектакліндегі Әлиман рөлі болды. 

Ол 1968 жылы Алматы қаласындағы №66 мектепті тәмамдағанында "Қыз Жібек" киносының бас кейіпкерінің рөлін сомдауға шақырту алады. 19 мамыр күні "Қыз Жібек" филміндегі бас кейіпкер Жібектің рөліне 17 жастағы Меруерт Өтекешова бірнеше жүз қыздың ішінен іріктелген. Меруерт Өтекешова өзінің сомдаған рөлінің маңызы жоғалмайтынын айтады.

"Қыз Жібек" тек Қазақстанға танымал болған жоқ. Фильмді шетелдер де сатып алып жатты. Осы арқылы әлем ел­де­рі қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрі­мен танысты. Өзім де "Қыз Жібекті" қайта­лап жүз рет көрдім. Фильм жайлы әлі де ұзақ айтуға болады. Кинотанушылар да "Қыз Жібекті" елу жыл өтсе де, неге халық жалықпай көреді?"-деп айтып жүр. Зерттеп жатқандар да баршылық. Менің ойымша, оның бір ғана сыры – киноның тәрбиелік мәнінің жоғарылығында",- дейді ол. 

"Қыз Жібек" фильмінде қазақтың бір­туар дарын иелері Кененбай Қожабеков, Сәбира Майқанова, Кәукен Кенжетаев, Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Фарида Шәріпова, Ыдырыс Ноғайбаев, Құман Тастанбеков бой көрсеткен. Фильм Меруерт Өтекешованың да жұлдызын жағып, "Қазақтың Қыз Жібегі" атандырды.