Bugin

Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pavlodarnews.kz

Қатып қалған су құбырын жылыту жұмыстары жалғасуда, барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диамтері 1020 миллиметр суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

"Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде қатып қалу мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмірмен және ағаш шпалдармен жылыту жүргізілуде",– деді облыс әкімдігінде.

Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.

Маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61