Bugin
Фото: Видео скрині
Әлеуметтік желіде лық толы автобус аялдамадан қозғалып, артынша есіктердің қайта ашылып кеткен видеосы тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция мәліметінше, оқиға 25 қаңтарда болған.
"Оқиға 25 қаңтар күні Сәтпаев көшесінде болды. Автобус жүргізушісі жолаушылардың толық орныққанына көз жеткізбей жүріп кеткен, салдарынан әйел адамның автобус салынан құлап кетуіне жол берді", - делінген мәліметте.
Жолаушы зардап шекпеген, ал жүргізуші жауапқа тартылған.
Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.