Bugin

"Жүрек талмасы": танымал айтыскер айтыс басталар кезде қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Жүрсін Ерман "Айтыс STRICE” бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Zhandarbek Bulgakov арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағдарлама барысында айтыстың абызы Жүрсін Ерман айтыста болған тосын жағдайлар туралы айтып берді.

“Көпбай Омаров Ташкенттегі айтысқа сапарында қайтыс болды. Үлкен 4 мың адамдық залда айтыс болуы керек еді. Сол айтыс басталарда, таңғы 7-8 шамасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Оған не шара? Тағдырдың жазуы. Өзбекәлі Жәнібековке қоңырау шалдым, “не істейміз” деп. “Жоқ, айтысты өткізе бер” деген соң, марқұмды ақырын еліне жөнелттік”,-деп айтты.  

Оқиға 1989 жылы орын алған. Марқұм өмірінің соңына дейін ұстаз болып қызмет еткен. Нағыз сырып салма талант иесі болған.