Bugin

"Тойы күні қашып кеткен": күйеу жігіт ерсі әрекеті үшін ерекше жаза алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қылмыстық істер бойынша Кува аудандық соты К.Шухратовты (аты-жөні өзгертілді) 6 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанда азаматша Д.Сафарованың (шын аты өзгертілді) теледидардан Hop-Shop теледидарының жарнамасын көргені айтылады. Содан анасына сыйлық алғысы келіп, осы арнаға хабарласып, құрал-жабдықтарға тапсырыс береді.

Бірнеше күннен кейін Д.Сафароваға белгісіз нөмірден телефон соғады. Бейтаныс жігіт (К.Шухратов) "Hop-Shop" телеарнасында жұмыс істейтінін, тапсырысы бойынша біраз мәселені анықтау керегін айтып әңгімені бастайды.

Әңгіме барысында жас жігіт Д.Сафарованың оқуын бітіргені, жұмысы, үйленбеген жағдайы, отбасы жайлы және басқа да мәліметтерді сұрайды. Осыдан кейін К.Шухратов Ташкенттен Маргилонға аттанады.

Д.Сафарова өзін іздеп жүрген К.Шухратовты көргенде "бірнеше жыл күткен адамымен кездескендей" сезінеді. Жігіттің барлық талаптарын еш ойланбастан орындайды. Мәселен К.Шухратов одан тұрмысқа шығу үшін "үйін жөндеуге" ақша сұрағанда, жинап жүрген ақшасын түгел берген. Жас жігіт оның кесірінен жұмыстан кеткенін, болашақта такси жүргізушісі болып жұмыс істеу үшін көлік алуға көмек сұрағанда, ата-анасынан ақша алудан тайынбайтынын айтады.

Талаптарының барлығын Д.Сафарова орындап жатқанын көрген К.Шухратов кезекті айласын бастайды. Бойжеткеннің ақшасы қалмаған соң, өз атына дүкендер мен коммерциялық банктерден несие, түрлі тауарлар сұрайды. Бұл талапты да Д.Сафарова орындайды.

Қ.Шухратов қызды алдап, тойға дейін бірге тұруға көндіреді. Қыз үйленіп, оған өз үйінен орын береді. Д.Сафарова мен оның туыстарына ішіп-жеуге кететін шығынды К.Шухратов төлейді.

Д.Сафарованың ата-анасы мен аға-інілері "күйеу жігітке" той жасап, шаңырақты әлемге паш етуді сұрай бастады. Осыдан кейін Қ.Шухратов Д.Сафарова мен оның туыстарын Ферғана қаласындағы неке сарайында сәнді той жасайтынына сендіріп, той күнін белгілейді. Тіпті, Д.Сафарованың туыстарына шақыру қағазын таратып, барлығын тойға шақырған.

Осыдан кейін К.Шухратов қалыңдық пен оның туыстарын жинап, сән-салтанатымен неке қию сарайында үлкен той өткізуге қарызы көп екенін, оған тағы да көмек керек екенін айтады. Той болатын күні жұрттың ақшасын жинап, Ташкент облысына қашады.

К.Шухратовтың үстінен Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілгені айтылды. К.Шухратовтың үйленгені, екі баласы бар екені анықталды. Жұмыс істеп ақша табатынын айтып, үйінен шығып кеткен.

Сотта К.Шухратов жәбірленуші Д.Сафарованы тағы да алдамақ болып, келтірілген шығынды өтеудің орнына отбасымен ажырасып, некеге тұрғанын, келтірілген шығынды өтеу туралы ғана арыз жазып, оны бас бостандығынан айыру жазасынан құтқаруды сұраған. Алайда бұл жолы Д.Сафарова келіспейді.

Сот Қ.Шухратовты 6 жылға бас бостандығынан айырды.