Bugin

Белгілі кәсіпкер жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Zakon.kz

Белгілі кәсіпкер Қарағанды облысындағы жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеп.

Петр Васильченко - Қарағанды облысында ірі наубайхананың басшысы.

23 ақпан күні сағат 12:30-да Ақшатау кентінен 10 шақырым жерде жол апаты болды.

"Апат салдарынан Mercedes-AMG CLS 63 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. "ГАЗель" автокөлігі толығымен өртенді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарланған.