Bugin

"Мені тастап, сау баланы әкетті". Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы туған анасына өкпелі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасынан

Егде жастағы әйел ауру қызының орнына сау баланы алып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына сілтеп.

Бельгиялықтар асырап алған қазақтың қаракөзі туған анасына өкпелі екенін айтады.

Патологиямен туылғаны үшін қыздың биологиялық анасы оны керек қылмаған. Осылайша балалар үйін паналаған нәрестені Бельгиялық әйел асырап алған.

Нышан есімді бойжеткен өзінің алдында екі әпкесінің болғанын айтады.

Өкінішке орай 1995 жылы туған бауыры қоянжырықтан көз жұмса, екінші әпкесі аман қалғанымен туғаннан науқас болған.  Алайда шетелдіктер асырап алған Нышанды да ақ халаттылар "адам болмайды" деп болжаған екен.

3,5 жасқа дейін балалар үйінде тәрбиеленген қазақ қызын туған ата-анасы керек етпестен, құжаттардың бәріне лезде қол қойып берген. Оны асырап алған анасы Хильде Мария Схоутеден есімді әйел:

"Нышанның қоянжырықтан басқа проблемасы болмаған, денсаулығы өте жақсы", - дейді . 

Нышан бірнеше жыл бұрын туған еліне саяхаттап келген. Алайда нәрестені босанған әйел өз перзентін көргісі келмейтінін айтып, бойжеткеннің жүрегін әбден жаралаған. 

"Нышанның биологиялық анасы бізбен кездесуден бас тартты. Өйткені, оның ағайын-туысқандары әйелдің тағы бір қызы бар екенін білмейді екен. Нышан өзінің Нағима есімді әпкесімен де кездескісі келалайдді. Бірақ әйел екінші қызы Нағиманың жүкті екенін айтып келісімін бермеді. Қазір Нышан әпкесі Нағимамен әлеуметтік желі арқылы хат алысып тұрады. Туған анасы Нышанды перзентханада қалдырып, оның орнына денесі сап сау ұл баланы өзіне жаздырып алыпты. Тіпті жақындары оның қыз баланы өмірге әкеліп, балалар үйіне қалдырғанын білмейді екен. Әйелді ұл туды деп ойлап жүр", - деді Нышанды асырап алған Бельгиялық анасы.