Bugin

Түркияда қазақстандық жанкүйерлер бір-бірімен төбелесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бейнеден алынған

Ел спортшыларына жанкүйерлік етіп, бір топ қазақ төбелесіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz-ке сілтеп.

Футболдан турнир Анталья қаласында  өткен.

Қазақстанның суперкубогі сарапқа салынған матчта шымкенттік “Ордабасы” мен қостанайлық “Тобыл” жанкүйерлері арасындағы трибуналарда жаппай төбелес болды. 

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал жеңімпаз команда пенальти сериясында шешілді.

Ойын қорытындысы бойынша “Тобыл” Қазақстан суперкубогының үш дүркін чемпионы атанды.

Ал екі клуб жанкүйерлері арасындағы жанжал сектордың бір-бірінен алшақ болмауынан туындаған.