Bugin
Фото: © Global Look Press/Wendel, JoAnna R. (HQ-NG000)[Inu/Keystone Press Agency
Апофис астероиды жыл сайын жерге жақындап жатыр. Егер ол дәл осы қозғалысынан ауытқымаса, жерге соқтығысу қауіпі жоғары. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі NASA зерттеулеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ал ол өз орбитасынан жылына шамамен 170 метрге ауытқиды. Апофис осылай жылжи берсе, 2068 жылы жермен соғысуы мүмкін.
Апофистің қозғалысындағы өзгерістерді NASA-дан Давиде Фарноккия (Реактивті қозғалыс зертханасы) және оның әріптесі Гавайи университетінің астрономия институтынан Дэйв Толен байқады. Олар Гавай аралдарында Subaru телескопы арқылы астероидтың қозғалысын бақылаған. Бақылау нәтижелері бойынша астрономдар Америка астрономиялық қоғамына (Америка астрономиялық қоғамының планеталық ғылымдар бөлімі) The Division for Planetary Sciences of the American Astronomical Society атты баяндама жасады. Осылайша, Толен мен Фарнокчи Апофис астероидының жеделдету эффектісіне ұшырайтынын растады.
Ең қауіпті нысандардың бірі Апофис астероиды 2004 жылы желтоқсанда табылды. Ресей ғылым академиясының Қолданбалы астрономия институтының (ҚПА) аға ғылыми қызметкері Николай Железновтың айтуынша, бұл өте жарқын және үлкен нысан (300 метр), ол үшінші магнитудалық жұлдыз ретінде көрінеді.
"Соңғы мәліметтер бойынша, Апофис 2029 жылдың 13 сәуірінде Жерден 32 мың шақырым қашықтықта ұшады" - дейді Железнов.
Оның айтуынша, геостационарлық спутниктер әдетте Жерден осы қашықтықта ұшады.
Сарапшы РИА Новостиге берген сұхбатында
"Ол өте жақын ұшады. Оның қозғалысын бақылауда бір-екі шақырымнан қателік кетсе, қалғанда орбитаны анықтаудағы қате мыңдаған, тіпті миллиондаған километрлік қателікке әкелуі мүмкін", - деді.
Рен ТВ материалында жаһандық апатқа байланысты сюжет көрсетілді. Апат болуы үшін астероидтың көлемі 1,5 шақырым болуы керек. Апофис 300 метрлік астероид. Бірақ ол жерге соғысса, едәуір аумақты зақымдайды.