Bugin
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда 1 наурыздан бастап 8 өңірде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство көктемде жолды сақтау және күтіп ұстау үшін бұл шараны жыл сайын жүзеге асырады.
"1 наурыздан бастап Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстары "Бесінші жол-климаттық аймаққа" кіреді. Аталған уақытша шектеу шаралары 1 наурыздан 1 сәуірге дейін қолданылады",-делінген хабарламада.
Осындай шектеулер 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына да енгізіледі.
Ескерте кетейік, шектеу 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша енгізіледі.