Bugin
Фото: depositphotos
Синоптиктер 27, 28 және 29 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға атмосфералық фронттардың әсері болады. Сондықтан қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қар жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінің таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болуы мүмкін.
"Елдің батысында жоғары градусты ауа-райы басым болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндізгі температура 0-5 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.