Bugin
Фото: видеодан скриншот
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс сотқа жетті. Сот кабинетінің хабарлауынша, іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралатын болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Сот кеңсесінде ол туралы қосымша материалдар жоқ – "іс жариялауға жатпайды", делінген.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында Астанадағы мейрамханалардың бірінде Қуандық Бишімбаевтың әйелі қатты соққының салдарынан қайтыс болғаны белгілі болды.
Іс бойынша күдікті – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев. Оған төмендегі екі бап бойынша айып тағылды:
110-баптың 2-бөлігі – "Азаптау";
99-баптың 2-бөлігі – "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру".
Экс-министрдің туысы Гастроцентр директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы – "Жасыру" және ҚР ҚК 434-бабы бойынша тергеу аяқталды.
2024 жылдың 8 қаңтарында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды деп хабарланды. 11 қаңтарда астаналық сот оның қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын хабарлады.