Bugin
Фото: Vringe.com
Отандық танымал боксшы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Отырыс барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.
"Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", - делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.