Bugin

"Ауырып, молдаларға қаралған": екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

7 ақпан күні Түркістанда 3 және 5 жасар балаларын  жастықпен тұншықтырып өлтірген 31 жастағы келіншек туралы тың деректер айтылды, деп хабарлайдыBugin.kz порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 7 ақпан Түркістанда жағаұстатарлық жағдай тіркелді. 31 жастағы келіншек өзінің туған күнінде 3 және 5 жастағы балаларын жалдамалы пәтерге апарып,  тұншықтырып өлтіріп, оқиға орнынан ізін суытқан. Мұғалімнің бұл әрекетін бірі отбасылық жанжалмен байланыстырса, бірі тылсым күштің әсері деп топшылайды. 

Бағдарламада айтылған ақпараттарға сүйенсек, күдікті келіншек Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Оқуын аяқтағанна кейін 10 жылға жуық мектеп-лицейде мұғалім болып қызмет атқарған.

Оның көршілері бұрын молдаға қаратып, қазақи ем жасатқаны туралы айтты.

"Бұрныдары студент кезде ауырып, молдаларға апарған.  Кейін жақсы боп кеткен. Бірақ алдыңғы жылы қайтадан ауруы басталған екен. Ұйықтап жатып бір жаққа кетіп қап, кейін артынан іздеп барып,  тауып алып келіпті дегенді естідік, – дейп пікір білдірді күдікті келіншектің ауылдастары.

Келіншектің Ләйла есімді туысы оның бұрыннан ауытқуы бар екенін,ауыратын айтты.  Бала кезінде бірнеше рет өзіне қол жұмсап, өлмек  болғанын айтты. Ал қайынінісі жұбайлар арасында мүлдем ұрыс-керіс болмаған дейді.