Bugin
Фото: әлеуметтік желіден
Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болып сайланған Геннадий Головкин жаңа қызметі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атақты боксшы келісім берерден бұрын шарт қойғанын айтты,
"Жаңа салада еліміздің мүддесіне қызмет ету мен үшін үлкен мәртебе. Маған ҰОК басқару туралы ұсыныс түскенде Қазақстан спортын дамытуға үлес қосуыма мүмкіндік бересіздер деген шартпен келісім бердім. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз әрекетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыландым", деді спортшы.
Сондай - ақ, Головкин мақсатыма жетуге мүмкіндік туып тұр деп ағынан жарылды.
"Менің өз көзқарасым, көпжылдық халықаралық тәжірибем, командам бар, ең бастысы – мақсатыма жетуді өз елімде іске асыруға мүмкіндік туып тұр", – деді Г.Головкин.