Bugin
Фото: freepik.com
Алматылық құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға келген хаттардың бірінде, бойжеткен нағашы атасының қиянаты туралы жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ләззат Рақышева өзіне келген хаттардың көбі өмірден түңілген қыздардан келетіндігін айтты. Ата-анасы болса да сырын ашып айтуға ұялған немесе қорыққан балалар құқық қорғаушыға бар ақиқатын жазып жібереді. Сондай хаттардың бірі, бойжеткен нағашы атасының қиянаты туралы баяндаған.
"Нағашы атам менен тән рахатын алған. Әжем өмірден өткен соң басталды. Мені көтеріп, алдына қысып отырғызып алатын. Бір күні үйдегілер "аталарыңа қарап келіңдер" деп, сол үйге жіберді. Ол кезде мен 12-демін. Мені қайта-қайта құшақтап, артымнан өзіне тақап құшақтап, ухілеп дыбыс шығарады. Сіңілімнен "Саған да осылай істей ме?" деп едім, "Жоқ" дейді. Бірақ оңбаған, ит шал менің басқа сіңлілеріме тиіскен екен. Оны бәрі бірге отырғанда өзара айтыпты. Қазір өйтпейді екен. Бір жолы амандасып жатқанымда ернімнен сүймекші болды. Мамам шығып қалып, өтірік мұрнымнан сүйе салды. Қашып жүремін одан. Өліп қалса екен деп тілеймін. Бірақ денсаулығына қарап жүреді. Айтайын десем, анамның жүрегі әлсіз, ал әкем атамды да, мені де өлтіре салады. Не істесем болады?",- деп жазған бойжеткен.
Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.