Weekend
Студенттік көктем
Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінің ұйымдастыруымен өнерлі жастарды қолдау мақсатында Алматы қаласының колледждері арасында тұңғыш рет «Студенттік көктем-2019» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Қазақстан Республикасының мәдениетін өркендету, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін насихаттау, студенттердің шығармашылығын шыңдау.
ҚазИТУда өткен «Студенттік көктем» байқауының бірінші кезеңіне 80-нен астам студент қатысып, екінші кезеңге 48 студент жолдама алды. Олардың ішінен 21 өнерлі студент ақтық бәйгеге жолдама алды.
ҚазИТУ колледжінің директоры М.Шалабаева марапаттау салтанатында: «Бүгінгі маңызды байқауға білімді, өнерлі студенттер қатысып отыр. Сіздер сонымен қатар осы байқау арқылы жаңа достар тауып бір-бірлеріңізбен танысасыздар. Әрқашанда барлықтарыңыздың ауызбіршіліктеріңіз берік болсын. Біз әрқашанда жастарға сенеміз, қолдаймыз. Себебі, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін»,- деп шын жүректен шыққан жылы сөзімен бөлісті.
«Студенттік көктем» байқауына қолдау көрсеткені үшін Алматы қаласының Білім Басқармасына, Алматы қаласының колледждеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының әкімшілігіне ерекше Алғысымызды білдіреміз!