Bugin

“Келбетін өзгерткен”: педофил 13 жыл бойы шетелде жүрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Он үш жыл бұрын қылмыс жасаған, бірақ елден қашып, сыртқы келбетін түбегейлі өзгерткен қазақстандық Калининградта ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2020 жылы қылмыскерді ұстау туралы Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеген. 

"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері он жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. 2007 жылы ол кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр зорлық - зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған", - деді Ирина Волк.

Оның айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін жас жігіт сыртқы келбетін өзгертіп, Ресейдің батысына кеткен. Сол жылдан бері тіркеусіз жүріп, басқа адамның атымен өмір сүрген. Ол туысының құжатын қолданған болуы да мүмкін. Ер адамның тұрақты жұмысы болмаған, әртүрлі нысанда құрылыста жұмыс істеген.

Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.