Bugin

Қазақстандықтарға өтемақы төленеді — Еңбек министрлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға өтемақы төлейді деген ақпарат тарап жатыр. Ведомство мұның фейк екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Басқа да маңызды ақпараттарды мына сілтемеден оқи аласыз.