Bugin
Фото: formaxfun.com
Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Көктемнің алғашқы айында мемлекеттік мерекелер бар.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамынан бөлек, демалыс күндерін қосқанда қазақстандықтар жарты айын демалыста өткізеді.
Халықаралық әйелдер күні, яғни 8 наурызда бес күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлерлер 8, 9, 10 наурызда демалады. Ал алты күн жұмыс істейтін Отандастарымыз 9 наурызда жұмысына кірісуге мәжбүр.
Әз-Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалуға құқылы. Яғни, 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері бес күн жұмыс істейтіндер толық демала алады.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін аптаның алғашқы күні, 25 наурыз – жұмыс күні болып есептеледі.