Bugin

Әнші Димаштың авторлық бейнебаяны жарық көрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Dimash news

Димаш Құдайберген жеке бейнебаянын түсірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Dimash news порталы әншінің жаңа бейнебаяны туралы ақпарат таратты.

26 ақпан күні Ыстамбұлда Димаш Құдайберген «When I’ve got you» атты жаңа туындысына арналған бейнебаянның тұсауын кесті.

Бейнебаянның негізгі идеясы әнші Димаш пен бейнебаянның режиссері Ғалым Асыловқа тиесілі екені белгілі болды.

"Димаштың мейірімді және қарапайым адам екенін бәрі біледі. Бірақ Димаш бұқаралық ақпарат құралдарында жиі көріне бермей, жеке сұхбат бермейтіндіктен оның жеке өмірі туралы аз білеміз. Ал бүгін біз әншіні сәл басқа қырынан, жаңа бейнеде көретін боламыз", – деп бөлісті режиссер.

Жауаптылар түсірілім барысының Алматыда өткенін айтады. Тіпті бейнебаянға 70-тен астам Қытайдан келген мамандар тартылған. Арнайы шығармашылық топ жұмыс жасапты.

Дәл сол жерде бас кейіпкердің костюмі тігіліп, қазақстандық мамандармен бірге әншінің бүкіл образы жасалған екен.