Bugin

"Машинист түсіп қалған": жүргізушісіз пойыз 70 шақырым жол жүрді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Үндістан темір жолдары "қашқын пойыз" оқиғасына қатысты тергеуді бастады. Бақылаусыз қалған пойыз 70 шақырым қашықтықты жүріп өткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

25 ақпанда қиыршық тас тиелген 50 вагондық жүк пойызы Джамму мен Кашмирден Пенджабқа жол тартты. Пойыз экипажды ауыстыру үшін Джаммудағы станцияға тоқтайды. Машинист пен оның көмекшісі пойыздан түскеннен кейін поезд еңіспен төмен қарай жылжи бастаған.

Пойыз шамамен 100 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Апаттың алдын алу үшін оның бағыты бойынша барлық теміржол өткелдері жабылды. Пойызды тек рельске қойылған ағаш блоктар ғана тоқтатты. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Үндістан темір жолдары күн сайын миллиондаған жолаушыларды тасымалдайды. Оларды жаңғыртуға, заманауи станциялар салуға, электронды сигнал беру жүйесін орнатуға қыруар қаржы бөлінеді. Дегенмен, әртүрлі оқиғалар жиі орын алады.