Bugin

Экс-президент 2022 жылы мемлекеттік төңкеріс жасағысы келді ме: тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаро 2022 жылғы президенттік сайлаудан кейін төңкеріс жасауға әрекеттенгенін мойындамады. Бұл туралы  Bugin.kz тілшісі kun.uz сайтына  сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Саясаткер Сан-Паулуда он мыңдаған жақтастары алдында сөйлеген сөзінде:

"Төңкеріс дегеніміз не? Танктер, қару-жарақ, көшелердегі қастандық. Бразилияда мұның ешқайсысы болған жоқ", - деді.

Болсонаро тағы да қазіргі мемлекет басшысы Луис Инасио Лула да Сильваның үкіметін саяси қуғынға ұшырады деп айыптады. Соңғы бірнеше күнде елдің бұрынғы президенті әлеуметтік желіде өз жақтастарын "демократиялық заңды қорғауға арналған бейбіт жиынға" қатысуға шақырды. AFP жазғандай, кейбір наразылық білдірушілер Сан-Паулуға келіп, көшбасшысын қолдау үшін 700 шақырым жол жүрді.

2022 жылы 30 қазанда өткен Бразилиядағы президенттік сайлаудың екінші турында Силва 50,9 пайыз дауыспен Болсонародан басым түсті. 2023 жылдың 8 қаңтарында сайлау нәтижелері бұрмаланды деп сенген Болсонароның жақтастары президент резиденциясына, Ұлттық конгресс ғимаратына және Жоғарғы сот ғимаратына басып кірді.

2023 жылдың маусымында Жоғарғы сайлау сотының судьялары бұрынғы президент бұл әрекеттердің "демократияға зиянды салдары" үшін ішінара жауапты деп тапты. Осыған байланысты Болсонароға 8 жылға президенттік сайлауға қатысуға тыйым салынды.