Bugin
Фото: kcfkz инстаграм парақшасынан алынды
Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы 3 медаль жеңіп алды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан велоспорт федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Кирилл Курдиди 1000 метр қашықтықта элиталық санатта сынға түсіп, үшінші орын алды.
Жасөспірімдер Мария Элькина мен Аружан Рахымжан тағы да Азия чемпионы атанды. Олар бұл жолы Мэдисон жарысында жүлдегер атанды.
Кіші Динара Көпжасарова топтық іріктеу жарысында қола жүлдегер атанды.
Осылайша, команда велоспорттан Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды.