Bugin

"Алғысым шексіз": жаңа қызметке тағайындалған Геннадий Головкин тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gggboxing инстаграм парақшасынан

 Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметіне Геннадий Головкин кірісті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Осыған дейін Головкин АҚШ-та тұратынына байланысты дау туындаған еді. Спортшы жаңа қыметі туралы:  

"Қадірлі достар, бүгін құттықтауын жолдаған барша спортсүйер қауымға алғысым шексіз!
Халықаралық олимпиадалық қоғамдастықта еліміздің атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік.
Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанына қарамастан, ел спортына пайдам тиеріне шын сенемін!
Ең бастысы – біздің жұмыс істеуге деген үлкен ниетіміз бен сіздердің шексіз қолдауларыңыз бар! Рахмет!",-деп желідегі парақшасына жазды.