Bugin

Егер 100-ден көп мобильді аударым жасалса не болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz

Жеке тұлғаға 3 ай қатарынан мобильді аударым саны 100-ден асқан кезде ғана шоты бақылауға алынады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Отырар сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Егер азаматқа 3 айда 100-ден аса аударым жасалса, шотына түскен қаржының қайдан келгенін дәлелдеу керек болады. Салықтық есепте кіріс көлемі көрсетілсе, ешқандай қауіп жоқ дейді мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары. Ал көрсетілмесе, алдымен ескерту хабарлама жолдайды.

Шымкент қаласы МКД басшысының орынбасары Сапарбек Ешанқұлов:

"Мәлімет келіп түскенде хабарлама жолдаймыз. Сізге осылай 3 ай тоқтамай 100 түрлі адам ақша аударыпты деп хабарлама жібереміз. Тек хабарлама. Ешқандай санкциясыз, ешқандай айыппұлсыз. Азаматқа 30 күн уақыт беріледі. Сол аралықта бұл ақшалар өз туысыңыздан түскенін растасаңыз, растайсыз. Нақтыланбаса егер жеке кәсіпкерлік ашып, айналым ақшасын енгізіп, салық төлейді. Болды" – дейді.