Bugin

Құранды өртеген адам 3,5 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: t.me/ru2ch

Былтыр мамырда Волгоградта Құранды өртеген Никита Журавелге қатысты тергеу мен сот Шешенстанда өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Грозныйдың Висаитовский аудандық соты оны 3,5 жылға бас бостандығынан айырып, 300 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту туралы үкім шығарды", делінген ВВС-дің хабарламасында.

Никита Журавел Құранды өртегенімен қоса, Шешенстан басшысы Рамазан Қадыровтың ұлы Адам Қадыровтың қолынан таяқ жеді деген ақпарат тарады. Республика басшысының 15 жастағы ұлы Журавелді тергеу изоляторының ғимаратында соққыға жыққан. Рамзан Қадыровтың өзі ұрып-соққан сәтті желіде жариялады.