Bugin

ҚР Премьер-министрінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы болып Диляра Ардаққызы Аленова тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы primeminister.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Диляра Аленова халықаралық құқық мамандығы бойынша ҚазГЗУ университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2014 жылы тілші болып бастады. Әр жылдары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде, "Қазконтент" АҚ-да, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

"Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі" КММ басшысы, Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасы Коммуникациялық іс-тәжірибелер бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.