Bugin

Алматыда автобус өртенді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Оқиға кезіндегі видео Kris_p_almaty  телеграм арнасында жарияланған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қарасу шағынауданында болған. Желіде 144 бағыттағы автобустың өртеніп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

"Бүгін сағат 11:45-те "Қарасу" шағынауданында жанып жатқан автобус туралы хабарламаға Алатау өңірінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар 11:53-те жетті, автобус ішінде жолаушылар болған жоқ. Өрт 12:00-де сөндірілді. Жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.