Bugin

4 күндік жұмыс форматына кімдердің көшкені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Британ компаниялары 4 күндік жұмыс кестесіне көшті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Британияда эксперименталды жобаға 61 мекеме қатысқан. Олардың 89 пайызының аз жұмыс істеп, біраз шаруа тындыруға болатынына көздері жеткен.

Қызметкерлері жалақыны толық алған. Күйзелістен арылып, жұмысқа деген құлшыныстары артқан. Нәтижесінде бизнес иелерінің табысы еселенген.

Әрбір екінші фирма, яғни 51 пайызы эксперимент аяқталғаннан кейін 4 күндік кестеге біржолата көшіп отыр.