Bugin
Фото: ашық дереккөз
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай өз парақшасында 7 ай бұрын із-түссіз жоғалған мұғалімді іздеп, жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ол алтын сататын келіншек туралы әлі хабар жоқ екенін айтты. 38 жастағы Гүлсім Наржігітова Түркістан облысы Мақтарал ауданында мұғалім болып қызмет атқарған. Қосымша алтын сататын болған.
"Естеріңізде болса, 31.07.23 жылы көрші ауылға барып сауда жасап келемін деген әйел ұшты-күйлі жоғалған еді. Өзі мұғалім, 5 баланың анасы, отбасы бар, қақ-соқпен жұмысы жоқ әйел сол күйі із-түссіз жоғалды. Жер бетінен ғайып болды… Көршілес (Түркістан обл. Мақтарал ауданы) Дихан ауылына кірген ізі бар, көрген көз, шыққан із жоқ. Бір көріпкел “темір жол бойынан табасыңдар” деді, Кямран болса “Тірі энергетика сезіп (көріп тұрмын) әйел өлген жоқ. Жоғалған жоқ, тығырыққа тіреліп біреуден саналы түрде қашып жүр деген еді”,- деп жазды ол.