Bugin

“Ағам зорлады”: бойжеткен басынан өткен сұмдық жағдайын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com 

Заңгер Ләззат Рақышева тағдырдан теперіш көрген қыздар мен келіншектер хат жолдайды. Сол хаттардың бірінде, бойжеткен өз ағасынан көрген қорлығын жазған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз

Бойжеткенді ағасы көп уақыт бойы зорлап келген. Ал қыз бұл жағдайды ата-анасына айтуға қорыққан. 

"Сәлеметсіз бе! Мені туған ағам зорлаған. Мен ол кезде 11-12 жаста едім. 1 жыл бойы маған мүшесін тигізіп, қорлап келді. Үйде ешкім болмайтын. Бәрі жұмыста. Үйде тек сіңілім, мен және ағам үшеуіміз болатынбыз. Ағам өз арам ісін іске асыру үшін сіңілімді құрбысының үйіне, магазинге, далаға шығарып жіберетін. Сосын маған мүшесін тигізіп зорлайтын. Мен қорыққанмнан үйдегілерге айта алмадым. Бір жағынан әкем мен анам ұрысып жүрген. Қатты қорқанымнан ешкімге тіс жармадым",- деп жазған бойжеткен.