Bugin
Фото: freepik.com
АҚШ президенті Джо Байден Израильдің Рамазан айында ХАМАС-пен соғысты уақытша тоқтатуға келіскенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Байден бұл туралы NBC арнасында айтты. Сол сияқты Израильдің ХАМАС-ты жою үшін алдымен Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан палестиналықтардың эвакуациялануына рұқсат беруге міндеттеме алғанын мәлім етті.
Рамазан айы жақындап қалды. Бізге кепілге алынғандарды босатуға уақыт беру үшін израильдіктермен Рамазан айында ешқандай әрекетке бармайтыны туралы келісім жасалды, - деді ол.