Bugin

"Ауыр халде": Құрманай Бахтиярқызы денсаулығының сыр бергенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: alashaiasy.kz

Денсаулығы сыр берген Құрманай Бақтиярқызы қазіргі жағдайымен бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақын желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады.

"Қазақ елінің барына, менімен ауырған жанына, маған дұға арнап атқызған таңына шексіз алғыс айтамын. Бүгін парақшамды өз қолыма алдым. Палатаға шыққалы біраз болса да, қолыма күшім енді оралды. Әлсіздік болғанымен көңілім орнында. Бәріңізді жақсы көрем",- деп жазды Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Құрманай Бақтиярқызының ауыр халде жатқанын өнердегі әріптесі Алтынай Жорабаева хабарлаған еді.