Bugin

Шымкентте аудан әкіміне ірі көлемде айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: exk.kz

Шымкентте аудан әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Әкім мен басқарма басшыларына 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қалалық прокуратура міндеттемелерін тиісінше орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлды Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы және қалалық драма театрының бұрынғы басшысына хаттама толтырылды.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 7 лауазымды тұлғаға, оның ішінде Еңбекші ауданының әкіміне, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығына, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы, қалалық драма театрының бұрынғы басшысына қатысты ӘҚБтК 207-бабының 10-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 47 хаттама толтырылып, мемлекет кірісіне 2 595 600 теңге көлемінде айыппұлдар өндірілді. Сонымен қатар, 30 өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы қадағалау актісі енгізілді", - делінген ресми хабарламада.

Еңбекші ауданының әкіміне 3.987.000 теңге көлемінде айыппұл салынған.