Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
Ақтөбеде өзбекстандық азаматтар мінген автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қайғылы оқиға 2018 жылы 18 қаңтарда сағат 10.30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара-Шымкент тас жолының 1068-ші километрінде Қалыбай ауылына жақын жерде болған еді.
57 жолаушы мінген автобустан өрт шығып, 52 адам қаза тапқан. Олардың бәрі Өзбекстан азаматтары. Аман қалған үш жүргізуші – қазақстандықтар, тағы екі өзбек азаматы да өлім аузынан қалған.
Жүргізушілер Барат Таңатаров, Нұржан Қырғызбаев және Мақсат Пернебеков өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, көліктік құралдарды пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан екі немесе одан да көп адамның қаза табуы бойынша айыпталған.