Bugin

“Күйеуін өлтірген”: әйел өлім жазасына кесілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Иранда 29 жастағы келіншек өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ол зорлық жасаған күйеуін өлтірген. Сол үшін әйелге өлім жазасы тағайындалған. 

Әйелдің туыстарының айтуынша  күйеуі оған зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Иранның адам құқықтарын қорғау ұйымы (IHR) Самира Сабзианның 2023 жылы Иран билігі өлім жазасына кескен 18-ші әйел болғанын атап өтті.

Келіншек 15 жасында тұрмысқа шыққан. 19 жасында күйеуін өлтірді деген айыппен қамауға алынып, бірден өлім жазасына кесілген. Алайда, үкімнің орындалуы кейінге шегерілген. Ол өмірінің он жылын түрмеде өткізді.