Bugin

Қызылордадағы құс фабрикасынан өрт шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қызылорда облысындағы құс фабрикасында өрт шыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТЖМ-ның желідегі парақшасына сілтеп.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Әзірге өрттің себебі анықталып жатыр.

28.02. сағат 04.37-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранған. Абырой болғанда зардар шеккендер мен адам шығыны болмапты.

Қызыл жалын сағат 05:41-де оқшауланып, 06:12 -де жойылды. 

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылған.