Bugin

Түркістан облысында имам әйелін ұрып-соғып, қорқытқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: депозит фото

"Көреміз" бағдарламасына 7-баласын дүниеге алып келгелі жүрген Гауһар Жұмаділлә келіп мұң-мұқтаажын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Оның күйеуі Түркістан облысы, Темір ауылында бас имам қызметін атқарады. Ол әйелін тіпті төркінімен араластырмай, көп тиым салатынын айтты.

"2010 жылы маусым айында отбасын құрдық. Бір аптаның ішінде танысып, асығыс үйлендік. Екінші тұрмысым. Ажырасып, оқуда жүрдім. Бірінші некеде балам шетінеп, ажырасып кеттім. 23 жасымда 35 жастағы имаммен некелестім. Арамыз 35 жас. Ол бұрын үйленген, 4 баласы бар. Заң бойынша ажырасты. Бірінші некесінен балаларын ата-енем қараған, төртінші бала ауру болған соң қарайтын адам қажет болып маған үйленді",-деді ол.

Гауһар күйеуімен сүрген өмірі туралы:

"2017 жылдан бастап үй салдық. 2021 жылы жаңа баспанаға кірдік. Ол үйді әпкесінің атына аударды. ММен ол кезде алтыншы баламды босанған едім. Содан бері мені көшеге қуып жүр. Мені ылғи «блаңды алып қоямын» деп қорқытатын",-деп мұңын шақты.

Ол үйді балаларына беріп, күйеуімен ажырасқысы келетінін айтты. Үй қамақта отырған ол күйеуі аяусыз соққыға жығатынын айтты. Күйеуі тіпті балаларды да аямайды екен. Әйел АСП көмегін күйеуі алып, әйеліне ақша бермейтінін айтты. Балалардың құжатын да бермейді екен. Белдікпен, телефон қуаттағыштың шнурымен, киім ілгішпен әйелін сабайды екен. Тіпті әйелін «сенің жүрегіңе пышақ тығып өлтіремін» деп бопсалаған. Ол күйеуінің атынан арыз жазбаған, шағымданбаған.