Bugin
Фото:depositphotos.com
Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіретін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 19 тағамдық қоспаны, оның ішінде танымал стевия тәттілендіргішін пайдалануға тыйым салынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) баспасөз қызметі хабарлады.
Тыйым салынған заттардың тізімінде әлемнің көптеген елдері әлдеқашан бас тартқан қоспалар бар. Атап айтқанда, дене бітімін күтетін әрі бақылайтын адамдар жиі тұтынатын танымал тәттілендіргіш стевияға да тыйым салынды.
Сарапшылар мәліметінше, Stevia rebaudiana Bertoni тізімнен алып тасталды. Бірақ E960 стевиол гликозидтері - стевия сығындысы тізімде қалды.
Стевиядан басқа тыйым салынған қоспалар:
натрий сорбаты (E201);
кальций сорбаты (E203);
тағамдық таниндер (Е181);
дифенил консерванттары (E230);
құмырсқа қышқылы (E236);
қышқылдықты реттегіш аммоний лактаты (E328);
антиоксидантты оксистеарин (E387);
глазурь-монтан (октакозан) қышқылының эфирлері (Е912);
бояғыш кантаксантин (E161g);
аммоний ацетаты (E264);
натрий диоктилсульфосукцинаты (E480);
қызыл күріш бояуы;
калий алюмосиликаты (E555);
кальций алюмосиликаты (Е 556);
бентонит (E558);
алюминий силикаты (каолин) (E559) — құрамында алюминий бар антисептикалық агенттер;
мальтол (E636);
этилмальтол (E637).