Bugin
Фото: depositphotos.
Орал қаласында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Оқиға 28 ақпан күні Жеңіс көшесі 5 мекенжайда орналасқан "Жайық самалы" ғимараты маңында болды.
"Шамамен сағат 07:30-да ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылды. Оның кім екені белгілі болды. Өлімнің себебін анықтау үшін мүрде сараптамаға жіберілді, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасаған.