Bugin

Астанада Есіл ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада Есіл ауданына жаңа әкім сайланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

"Астанада ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша меритократия қағидатына сәйкес, Есіл ауданының әкімі тағайындалды. Бұл лауазымға 42 жастағы Дарменияр Қыдырбекұлы кірісті. Ол 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды", - делінген хабарламада.

Еңбек жолын 2006 жылы "Мүлһин" Қоры" қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеген.

29.08.2012 - 06.02.2013 жылдар аралығында "Жетісу ӘКК" ҰК" АҚ (Талдықорған) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

07.02.2013 -18.03.2013 жылдар аралығында Талғар ауданы (Алматы облысы, Талғар қаласы) әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеген. 18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Талғар ауданы әкімінің орынбасары (Алматы облысы, Талғар қаласы) болды.

2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана Есіл ауданы әкімінің орынбасары.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.