Bugin
Фото: freepik.com
28 жастағы қызды өлтірген ер адамға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!
Сұмдық оқиға Шымкентте болған. Өзбекстан азаматының жансыз денесі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Қылмысты 29 жастағы ер адам жасаған. Екеуінің арасында ұялы телефон үшін жанжал туындаған. Күдікті қыз оны ұрлады деп жала жапқан. Төбелес орын алып, ер адам аяқ киімнің бауымен қызды тұншықтырып өлтірген.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, қылмысты қалай жасағанын егжей-тегжейлі айтып берді. Ер адам он жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, оқиға былтыр шілдеде болды. Марқұм қыз Өзбекстаннан Шымкентке ақша табуға келгені анықталды. Сот процестері кезінде қайтыс болған адамның туыстары болған жоқ, оларды табу мүмкін болмаған.